Меню KDT

logo.jpg?_=1712841087

КГУ «Средняя школа имени Динмухамеда Конаева» Шуского районного отдела образования аппарата акимата Жамбылской области
  • kz
  • ru

  •  

     

    Хабарландыру

    ✅ХАБАРЛАНДЫРУ
    Мектеп әкімшілігі 2025-2026 оқу жылындағы соңғы қоңырау, қорытынды аттестаттау тапсыруда мына жағдайларды ескертеді!
    ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
    🛑Бітіруші 4 және 9,11 сынып оқушыларынан мектеп қажеттілігіне ақша жинау
    🛑Аниматорлар, студиялар мен агенттіктерді шақыру
    🛑Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге қандай да бір сыйлықтар беру
    🛑Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына қажетті санитарлық - шаруашылық заттарды сатып алу мақсатында білім алушылардан ақша жинау
    🛑Педагогикалық этика және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектеп әкімшілігіне және педагогтерге кез-келген түрдегі сыйлықтарды қабылдау
    🛑Оқушылардың автокөлік шеруіне шығып, ойын- сауық алаңдары, мейрамханалар мен саябақтарға баруы
    🛑Қорытынды аттестаттау кезінде әртүрлі мақсатта ата-аналардан қаражат жинап, мерекелік дастархан ұйымдастыру
    ҚҰРМЕТТІ АТА-АНА!
    Бұл шектеулер – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, педагогикалық этика мен әділдікті сақтау мақсатында енгізілген.
    Жоғарыда айтылған талаптарды назарға ала отырып, оқушылардың қауіпсіздігіне бей-жай қарамауыңызды өтінеміз. Сіздердің ұл-қыздарыңызға сапалы білім мен саналы тәрбие беру – біз үшін абыройлы МІНДЕТ! Егер сізді қандай да бір сұрақ мазаласа, кез-келген уақытта сұрағыңызды тыңдап, жауап беруге дайынбыз!
    Мектеп әкімшілігі

    Ата-аналардың мектепке келу тәртібі

    30.08.2024
     

    Ата-аналардың мектепке келу тәртібі

    Мақсаты мектептегі оқу үрдісін тұрақтандыру, балалар өмірінің және денсаулығының қауіпсіздігін және санитарлық-эпидимиологиялық нормаларды орындауды қамтамасыз ету.

    Жалпы тәртіп

    • Сабақ уақытында ата-ананың және басқа да бөтен адамдардың мектепке келуіне тыйым салынады. Қажет болған жағдайда, мектепке ата-ананың немесе басқа тұлғаның келуі алдын-ала мектеп әкімшілігімен немесе мұғаліммен келісіледі (таңертеңгі кезде киім кию үшін көмектесу мақсатында мектепке баланың ата-анасымен кіруіне рұқсат).

    1.2. Мектеп жұмыскерлерімен кездесу үшін алдын ала телефон немесе күнделік арқылы кездесу уақыты мен орнын келісіп (телефон немесе күнделік арқылы (оқушы арқылы жіберілген жазбахат, ғаламтор және т.б.); мектепке келген кезде мектеп вахтасында тіркелсін: жеке куәлігіңізді көрсетіп, аты-жөніңізді атаңыз, келу мақсатыңыз, мектеп жұмыскерінің атын атаңыз, есіңізде болсын, мұғаліммен сабақтан тыс уақытта кездесіңіз.

    1.3. Сабақ уақытында мұғаліммен кездесуге қатаң тыйым салынады. Тек қана үзіліс және сабақ аяқталғаннан кейін ғана кездесу рұқсат. Ата-ананы мектепке шақырған мұғалім вахтада күтіп алып,кездесу орнына немесе кабинетке апаруға міндетті.

    1.4. Мектепке алдын ала келісімсіз мына жағдайда ғана келуге рұқсат: мектеп әкімшілігінің қабылдау уақыты кезінде, ата-аналар жиналысы, ашық есік күні, мерекелік іс-шаралар, өтініш берген кезде, қабылдау бөлмесінен анықтама алу кезінде.

    1.5. Сыртқы киімді шешу қажеттігіне назар саламыз.

    Ескертеміз, мұғаліммен тек қана сабақтан тыс және оқу процесінен кейін ғана кездесуге мүмкіндігіңіз бар!

    Мұғалімдер мен оқушыларды сабақ үстінде шақыруға тыйым салынады!

    1. Бөтен адамдардың мектепке кіру рұқсаты.
    1. Мектепке бөтен адамдар білім беру мекемесінің әкімшілігімен келіскен кезде ғана кіруге рұқсат етіледі (бөтен адамдар деп білім беру мекемесімен, оқушылар және олардың ата-аналары (заңды тұлғалары) болып саналмайтын азаматтар).
    2. Бөтен адамдар мектеп вахтасындағы журналға келу мақсатын міндетті түрде жазып, белгіленген тұлға, әкімшіліктің рұқсаты болған жағдайда ғана кіруге рұқсат етіледі.

    Жаз мезгілдегі қауіпсіздік

    12.05.2022
    Жаз мезгілдегі қауіпсіздік

    Жамбыл облысында мектеп формасы бекітілді. Жаңа оқу жылында өңірдегі оқушылар қою көк түсті форма мен ақ жейде киеді.

    Ата-анаға жадынама

    01.08.2023
    Құрметті ата-аналар!
    Балаңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз!
     

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру