Меню KDT

logo.jpg?_=1712841087

КГУ «Средняя школа имени Динмухамеда Конаева» Шуского районного отдела образования аппарата акимата Жамбылской области
  • kz
  • ru
  • СТАТЬИ

    Ғарышкерлер күні

    🚀 12 сәуір – Ғарышкерлер күні
    12 сәуір – адамзат тарихындағы ерекше күндердің бірі. Осы атаулы мерекеге орай Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебінде 1–11 сынып оқушылары арасында «Байқоңырдан басталған сапар» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
    Тәрбие сағаты барысында оқушылар ғарыш әлемі туралы қызықты мәліметтермен танысып, алғашқы ғарышкерлер жайлы білімдерін толықтырды. Сонымен қатар, Қазақстанның мақтанышы Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев ,Айдын Айымбетов туралы мәліметтер айтылып, олардың ел тарихындағы орны ерекше екені түсіндірілді.
    Оқушылар ғарыш тақырыбына байланысты өз ойларын ортаға салып, суреттер салып, қызықты сұрақ-жауаптарға белсенді қатысты. Мұндай тәрбие сағаттары оқушылардың ғылымға, білімге және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыра түседі. ✨🌍🚀

    Жаратылыстану

    «Жаратылыстану – өмір негізі»
    Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебінде оқу жұмысының жоспарына сәйкес 2025-2026 оқу жылының 01.04-30.04 күндері аралығында жаратылыстану пәндерінің айлығы өтеді.
    Мақсаты:
    • Оқушылардың жаратылыстану пәндеріне қызығушылығын арттыру
    • Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру
    • Зерттеу, бақылау, тәжірибе жасау дағдыларын дамыту
    • Табиғатты аялауға тәрбиелеу
    Ашылу салтанаты барысында оқушыларға айлықтың жоспары таныстырылып, түрлі танымдық сайыстар, зертханалық тәжірибелер, ашық сабақтар, викториналар мен шығармашылық жұмыстар ұйымдастырылатыны айтылды. Сонымен қатар, пән мұғалімдері ғылымның адам өміріндегі маңызына тоқталып, білім алушыларды белсенділік танытуға шақырды.
    Сондықтан бұл айлық оқушылар үшін жаңа білімге жол ашып, ғылымға деген қызығушылықтарын арттыра түсетін маңызды шаралардың бірі болмақ.
    Айлықтың ашылуы әсерлі өтіп, оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!

    Дене шынықтыру

    🏃‍♂️ Дене шынықтыру – денсаулық кепілі! Әр сейсенбі күні мектебімізде дәстүрлі дене жаттығулары өткізіледі. Бұл шараға бастауыш, орта және жоғары буын оқушылары белсене қатысып, салауатты өмір салтын ұстануға ынталануда. 💪 Мақсат – оқушылардың бойында спортқа деген қызығушылықты арттыру, денсаулықты нығайту және белсенді өмір сүру дағдыларын қалыптастыру. 🏃‍♂️ Физическая активность — залог здоровья! Каждый вторник в нашей школе проходят традиционные утренние физические упражнения. В мероприятии с удовольствием участвуют учащиеся начального, среднего и старшего звена. 💪 Цель — формирование у школьников интереса к спорту, укрепление здоровья и развитие навыков активного образа жизни.

    «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды


    30.03.2026ж Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары өткізілді. 🧹✨ Бұл игі шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау, мектеп аумағын көркейту, санитарлық тазалықты сақтау және жас ұрпақтың бойында еңбекқорлық пен табиғатқа деген жанашырлық қасиеттерін қалыптастыру болды. Сенбілік барысында мектеп ауласы мен айналасы тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. 🌱 Тазалық жұмыстары арқылы қоршаған ортаны күтіп ұстаудың маңызы насихатталып, ортақ іске жауапкершілікпен қарау мәдениеті дәріптелді. Осындай игі бастамалар өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беріп қана қоймай, оларды ұқыптылыққа, еңбекке баулуға және туған жерді құрметтеуге тәрбиелейді. 🌿💚 Тазалық – мәдениеттің, тәртіптің және ұйымшылдықтың айқын көрінісі. Сондықтан мұндай шаралардың тәрбиелік мәні зор. Мектеп ауласындағы тазалық пен көркейту жұмыстары – баршамызға ортақ іс. Бірлесе атқарылған әрбір еңбек – қоршаған ортаға деген қамқорлықтың нақты белгісі. ✨



    01.04.2026 жылы «Жыныстық қол сұғылмаушылық және ерте жүктіліктің алдын-алу», «Репродуктивті денсаулық және жеке шекара» туралы 8-11 сынып қыз балалары арасында жиналыс өткізілді. Жиын барысында жыныстық қолсұғылмаушылық және ерте жүктіліктің алдын-алу туралы туралы қыздарға түсіндірме жұмысын жүргізді. Ерте жастағы жүктіліктің ең алдымен денсаулыққа кесірін тигізсе, болашағына балта шабатыны турасында ұғынықты етіп түсіндірілді. Толық қалыптаспаған организм жүктілікті және босануды көтере алмайтындықтан, денсаулығында ақауы бар баланың дүниеге келуін жеткізді. Қатысушылар өздерін ойландырып жүрген сұрақтарын қойды. Кездесуге Шу аудандық полиция бөлімінің полиция инспекторы: Халық Н.Б қатысып "Ерте неке құрудың жауапкершілігі" жайлы түсіндірме жүргізді. Оқушыларға Қазақстан Республикасының неке және отбасы заңнамасы негізінде неке ұғымы, некеге тұру шарттары мен тәртібі, некеге тұру жасы, ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері туралы жан-жақты мәлімет берілді. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың некеге тұруына қатысты заң талаптары, ерте некенің құқықтық және әлеуметтік салдары түсіндірілді. Оқушыларға неке – үлкен жауапкершілікті талап ететін маңызды қадам екендігі, отбасын құру үшін психологиялық, әлеуметтік және материалдық дайындықтың маңыздылығы атап өтілді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.А.Мамбетова мен мектеп медбикесі М.Жасұзақова және Қонаев ауылдық амбулаториясының акушері Асатова Т тарапынан кеңестер берілді. Оқушылармен ой бөлісіп, мектеп формасы мен ережелерін сақтау жайлы айтып өтті
    .

    2 -Сәуір Халықаралық балалар кітабы күні

    📚✨ 2 СӘУІР — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАР КІТАБЫ КҮНІ
    ✨📚 Бүгін – кітапты сүйетін кішкентай оқырмандардың мерекесі! 👧👦 Балалар кітабы – бұл тек ертегі ғана емес, ол – қиялға қанат бітіретін, ой-өрісті кеңейтетін, жүрекке жылу сыйлайтын ғажайып әлем 🌈 📖 Кітап арқылы бала: ✨ Жаңа дүниені таниды ✨ Арман құрады ✨ Жақсылық пен мейірімділікті үйренеді Біз сіздерді кітап әлеміне бірге саяхат жасауға шақырамыз! 🚀 📚 «Кітаппен бірге өсеміз!» 📚 «Оқыған бала – озады!»

    Бөтеннің мүлкіне көз салма

       
    02.04.2026 жылы «Бөтеннің мүлкіне көз салма» тақырыбында 8-11 сынып оқушыларымен тақырыптық сағат өткізілді. Тақырыптық сағатты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Д. Джуаспаева және «Азамат» ұлдар клубының жетекшісі Б. Серикбай өткізді. Сабақ барысында оқушыларға ұрлық пен тонау ұғымдарына нақты түсінік берілді. Ұрлық – бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру болса, тонау – бөтеннің мүлкін ашық түрде иелену екені түсіндірілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік түрлері кеңінен түсіндірілді: • Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес, ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатыны айтылды; • Қылмыстық кодекстің 191-бабына сәйкес, тонау (ашық түрде мүлікті иелену) үшін жаза көзделетіні түсіндірілді; • Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, ұсақ ұрлық үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылатыны айтылды; • Кәмелетке толмағандар жасаған құқық бұзушылықтар үшін олардың ата-аналары немесе заңды өкілдері де жауапкершілікке тартылуы мүмкін екені түсіндірілді. Сабақ барысында нақты өмірлік мысалдар келтіріліп, құқық бұзушылықтың салдары, оның болашақ өмірге кері әсері туралы айтылды. Оқушылармен пікір алмасу ұйымдастырылып, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған сұрақ-жауап жұмыстары жүргізілді. Қорытынды бөлімде оқушыларға адалдық, заңға құрмет, жеке жауапкершілік қағидалары түсіндіріліп, бөтеннің мүлкіне қол сұқпау – әр азаматтың міндеті екендігі атап өтілді. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтың алдын алу, саналы таңдау жасау, жағымсыз әрекеттерден аулақ болу қажеттігі ескертілді.

    Дінмухамед Қонаев атындағы орта мектебінде "Иманды ұл- әке мақтанышы" тақырыбында ұлдар жиыны өтті. 
     

    сейсмо жаттығулар

    2026-02-25
    2026 жылдың 25 ақпан күні Дінмұхаммед Қонаев атындағы орта мектебінде мұғалімдер мен оқушылар арасында сейсмикалық жаттығу өткізілді. Жаттығудың мақсаты – төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру, қауіпсіздік ережелерін пысықтау және ұйымшылдықты арттыру. Сейсмикалық жаттығуға: 👩‍🏫 78 мұғалім 👦👧 580 оқушы 🧹 32 кіші қызметкер қатысты. Барлық қатысушылар қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, эвакуациялау тәртібін тәжірибе жүзінде орындады. Жаттығу барысында жауапкершілік пен тәртіп жоғары деңгейде көрініс тапты. Қауіпсіздік – баршамызға ортақ міндет! Осындай маңызды іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

    Бала қауіпсіздігі -басты назарда

    2026-03-04
    Шу ауданы Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебінде « Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Тәуелсіздік және Отаншылдық» құндылығына негізделген "Бала қауіпсіздігі -басты назарда " тақырыбында мектеп оқушыларымен кездесу өтті. ♦️♦️Кездесуге Шу ауданы әкімінің орынбасары Сұлтанбаев Найман Кенжеханұлы және мектеп директоры Оспанова Ұлжан Абидильдаевна қатысты. Көтерілген мәселелер, 🖇️Жасөспірімдердің жалпы қауіпсіздік ережелері 🖇️Құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыстық жауапкершілік 🖇️Буллинг пен кибербуллингтің зардаптары мен жауапкершілігі 🖇️Түнгі уақытта көшеде жүру тәртібі 🖇️Алаяқтық, лудомания және басқа да қоғамдағы келеңсіз жағдайлар ♦️♦️Кездесуде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, буллинг, кәмелетке толмағандардың мопед жүргізуі, тиым салынған сайттар, ғаламтордағы оқушыларға тиым салынған ойындар және қоғамда белең алып бара жатырған лудомания (құмар ойыны) туралы айтылып, оқушылардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.

    «ҚР ӘК баптары – тәртіп сақтау кепілі»

    2026-03-16
    2026 жылдың 16 наурыз күні мектеп оқушылары арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «ҚР ӘК баптары – тәртіп сақтау кепілі» тақырыбында дәріс сабағы өткізілді. Дәріс барысында Шу аудандық полиция бөлімі жанындағы ювеналды полиция тобының инспекторы Н.Б. Халық оқушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің негізгі баптарын түсіндірді. Атап айтқанда, қоғамдық тәртіпті сақтау, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі, қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелері, ұсақ бұзақылық, темекі мен алкоголь өнімдерін қолдануға байланысты шектеулер туралы кеңінен мәлімет берілді.

    Біз буллингке қарсымыз

    2025-09-19
    «Біз буллингке қарсымыз!» челленджі
    Мақсаты: Оқушылардың арасында буллингті болдырмау және алдын- алу, жасөспірімдерді зорлық-зомбылықтан қорғау. Қоғамдағы буллингтің көріністерін тоқтату. 2025 жлдың 19 қыркүйек күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында достықты дәріптеп, мейірімділікті үлгі еткен 10 сынып оқушылары «Біз буллингке қарсымыз!» челленджіне белсене қатысты. Буллинг- әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде қатысушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Буллинг салдары – тікелей және жанама түрде оқушылардың зияткерлік және жеке тұлғалық дамуына теріс әсер етеді. Сондықтанда қоғамда буллингтің болмауына баршамыз ат салысайық! Жастардың болашағында - буллингке жол жоқ! деп - видео челлендж әлеуметтік желіге жолданды.

    https://www.facebook.com/reel/1149626800360734/?__cft__[0]=AZW7BNTZkrNqn_0k6pPL0qSF5ewJTCoCuFFuEfL0tPhq0TA9V7T2ePSGEJstfRf1rD-mB2KVMaCchR3CBtKvz5suBZnfyE4iq5mdu9VrDDUoA6gRt6fvR4eeZZozOlBmU4qBbdi9dff2dVIe19EOj1AiLCMEQ__xSaKuscNcUAk4Lw&__tn__=%2CO%2CP-R

    Жемқорлыққа жол жоқ!

    17.03.2025
    "ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ" СУРЕТ БАЙҚАУЫ 💎 Адал жүріп, адал тұр. Абай Құнанбайұлы Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебінде "Адал Ұрпақ" ерікті мектеп клубының айлық жоспарына сәйкес, сурет пәні мұғалімі Е.Көрпебаевтың ұйымдастыруымен "Жемқорлыққа жол жоқ!" тақырыбында 7-сынып оқушылары арасында сурет байқауы өткізілді. Байқау барысында білім алушылар жемқорлық елдің ұлттық мүдделеріне, экономикалық қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіретінін сурет арқылы түсіндіре білді. Байқаудың мақсаты: Жас ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау, адалдыққа, әділдікке тәрбиелеу.

    "КҮЙ КҮМБІРІ

    19.03.2025
    "КҮЙ КҮМБІРІ"⚜️ - Жаңару күні- домбыра үнімен.
    Шу ауданы Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебінде Наурыз мерекесіне арналған «Күй күмбірі»атты домбырашылар челленджі өткізілді.
    Домбыра- ежелгі дәуірден келе жатқан қазақ халқының кең тараған қасиетті ұлттық музыкалық аспабы.
    ⚜️ Мақсаты: ұлттық аспаптар туралы мағлұмат беру. Қазақ халқының негізгі ұлттық аспабы домбыра туралы түсінік беру. Музыканы түсінуге баулу, ұлттық өнерді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
    Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев «Ата толғауы»
     

    20 Наурыз -Ұлттық спорт күні

    20.03.2025







    НАУРЫЗНАМА -2025🏀🏀🏀🏀🏸🏸
    20 НАУРЫЗ - «ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ»
    Шу ауданы Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебі «Наурызнаманың» онкүндігі аясында «Ұлттық спорт» күні аталып өтті.
    Осыған сәйкес, 20 наурыз - Ұлттық спорт күні болып бекітілді.
    Қазақтың ұлттық спорты – рух пен намысты қайрап, бойдағы қуатты шыңдауға өз септігін тигізеді. Ұлттық спортпен шұғылданатын спортшылардың бітім-болмысының өзгеден бөлектеніп тұратыны да осыдан болса керек. Ұлттық спортты ұлықтауға арналған бұл күн спортшылар мен қарапайым халық арасында мереке салтанатын ерекше сезінуге септігін тигізері анық.


    ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ НАУРЫЗ!

    18.03.2025
    🌷🌷🌷🌷 Шу ауданы Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебі мектепалды сынып тәрбиленушілерімен Ұлыстың ұлы күні 22 Наурыз мерекесіне орай «ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ НАУРЫЗ!» атты ертеңгілік болып өтті. Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.

    “Тәртіп және заң”

    04.02.2025
    Шу ауданы Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебі Біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған іс шаралар жоспарына сәйкес 2025 жылдың 31 қаңтарында ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ КЕҢЕСІ көшбасшылары ЕРІКТІЛЕРМЕН бірге “Тәртіп және заң” аясында “Буллинг және жемқорлық” тақырыбында видеоролик түсірілді.

    https://www.facebook.com/100043120612971/videos/1548535819196181/ 

    «Мамандығым -мақтанышым»

     
    Шу ауданы Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебінде кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында "Мамандықтың бәрі жақсы»" атты мамандық таңдауға арналған кездесу ұйымдастырылып, өткізілді.
    ⚜️Мақсаты: Мамандық сатысына жақын тұрған болашақ әртүрлі мамандық иесі, бүгінгі шәкірттердің бағдарын анықтау. Бағыт-бағдар беру және ең қажетті мамандықтар туралы ақпараттандыру. Түрлі мамандық иелерімен пікірлесу.
    Кездесу барысында Қонаев ауылындағы түрлі маман иелері келіп, оқушыларға өздерінің мамандықтары жайлы мағлұматтар берді

    құмар ойынға тәуелділік

    ОЙЫНҒА САЛАУАТТЫ КӨЗҚАРАС"
    ЛУДОМАНИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУ
    Шу ауданы Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебі “Біртұтас тәрбие “ бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған іс - шаралар жоспарына сай “Заң және тәртіп” айы аясында.
    ✅Мектебімізде 5-8 сыныптарда интернетке тәуелділік және лудоманияның алдын алуға бағытталған сынып сағаты өткізілді.
    ✅Мақсаты: Интернет кеңістігінде оқушылардың қауіпсіздігін зиянды әрекеттерден аулақ болуын қамтамасыз ету.
    Информатика пәні мұғалімі: Д.Атайбекова
    З.Шалипова

    Smart bala" жобасы

    29.01.2025
    Smart bala" жобасының аясындағы
    "Өнертапқыштыққа бір қадам"
    Шу ауданы Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебі “Біртұтас тәрбие” бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған іс шаралар жоспарына сай “Заң және тәртіп” ай құндылығы. “SMART BALA”жобасы аясында "Өнертапқыштыққа бір қадам" атты танымдық сабақ 7 сынып білім алушылармен өткізілді.
    Іс-шара барысында Шу қаласындағы тарихи ескерткіштерді жас ұрпаққа таныстыру үшін оларды жасанды интелект арқылы 3D модельдеп, smart cube технологиясына орналастыру жобасы іске асырылды. Жасанды интеллекттің көмегімен жасалған бұл 3D модельдер қатысушыларға тарихи ескерткіштерді жан-жақты зерттеуге мүмкіндік берді. Бұл тәсіл арқылы оқушылар мен жастар:
    Шу қаласындағы ескерткіштермен интерактивті түрде танысты;
    Виртуалды шынайылықтың артықшылықтарын сезініп, цифрлық технологияларды меңгеру тәжірибесіне ие болды;
    Өздерінің шығармашылық және ғылыми-зерттеу қабілеттерін дамытты.
    Іс-шараның мақсаты мен маңызы
    Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – тарихи-мәдени мұраны сақтап, оны цифрлық форматта болашақ ұрпаққа қолжетімді ету. Сонымен қатар, жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушыларды өнертапқыштыққа, ғылым мен инновацияға баулу көзделді. Smart cube технологиясы мен 3D модельдеудің қолданылуы оқушылардың тарихи ескерткіштерге деген қызығушылығын арттырып, олардың зерттеу қабілеттерін жетілдіруге ықпал етті.
    Үйірме жетекшісі:Әлдижан С

    «Жақсы көңіл -күй жан азығы»
    Шу ауданы Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебінде «Жас ұлан» ұйымының және өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастырумен “Кел дос болайық: достық қолын ұсын ” акциясы аясында оқушылардың арасында достық ынтымақтастық,көтеріңкі көңіл күй сыйлау барысында «Шапағатпен, толтырайық» атты көңілді үзіліс ойнады.
    ✨Мақсаты: ұлттық дәстүрімізді, достығымызды нығайтуға, көтеріңкі көңіл-күй сыйлай отырып, жақсы қарым қатынас орнату, жылы лебіздерін сезіндіру.

    "ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ-ҰЛТТЫҚ КИІМ

    24.01.2025
    ⚜️⚜️"ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ-ҰЛТТЫҚ КИІМ"⚜️⚜️
    Мектеп оқушылары үшін әр ЖҰМА күні
    ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ КҮНІНЕ арналып,оқушыларымыз бен ұстаздарымыз ұлттық киімді киюді қолға алып, құндылығымыз бен мәдениетімізді дәріптеу мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ою-өрнегінде халқымыз тарихының қайталанбас көрінісі бейнеленген қазақы нақыштағы киімді насихаттау.
      

    Буллингпен күрес шаралары

    Қазақстан мектептерінде жасөспірімдер арасындағы буллингпен күресу мақсатында арнайы Kiva және ДОСБОЛLiKe бағдарламалары енгізілді. Атаулы бағдарламалар оқушылар арасында достық пен өзара сыйластықты дамытуға көмектеседі.

    «Қыз қылығымен сүйкімді»

    10.10.2024
     
    Шу ауданы Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Репродуктивті денсаулықты сақтау неден басталады?» тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді. Директордың құқықтық ісі жөнініндегі орынбасары: А.Джуаспаева өз сөзінде қыз балаға берілетін тәрбиенің маңызы, қоғамда қыз бала тәрбиесінде жеке бас гигиенасы,тазалық, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу жайлы сөз қозғады.
    Келесі кезекте сөз алған мектеп медбикесі Ә.Сырықбаева қыздардың жеке бас гигиенасы, тазалығы жайлы түсіндірме жұмыстарын жасады. Қыз баланы тәрбиелеу - ұлтты тәрбиелеу. Қыз балалар арасында жат қылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейте отырып, еркін пікір алмасу болып, кері байланыс жүргізілді.
    Бүгінгі шара мынадай мақсаттарды қамтыды:
    1. Өзін-өзі тану және дамыту – қыздарға өздерін тануға, тұлғалық қасиеттерін дамытуға көмектесу.
    2. Эмоционалдық қолдау – қыздардың эмоциялық жағдайын жақсарту, стресс пен мазасыздықты жеңу жолдарын үйрету.
    3. Қарым-қатынас дағдыларын дамыту – достық, отбасылық және мектептегі қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру.
    4. Өзін-өзі бағалау – өзін-өзі қабылдау және бағалау, сенімділікті арттыру.
    5. Жыныстық тәрбие және қауіпсіздік – жасөспірімдік кезеңде дене өзгерістерін түсіндіру, жеке қауіпсіздік пен жыныстық тәрбие туралы ақпарат беру.
    6. Қазақ қыздарының бойындағы асыл қасиеттерді бойына сіңіру.




    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру